Хоккей

Канвондо: қазақстандық хоккейшілер үшінші рет ұтылды

Канвондо: қазақстандық хоккейшілер үшінші рет ұтылды
hromadske.radio

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер үшінші рет ұтылды.

Олимпиаданың үшінші күні Қазақстан командасы даниялықтарға 8:6 есебімен есе жіберіп алды.

Еске салайық, Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық хоккейшілер Польша құрамасынан 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен басым түскен болатын. Алайда, кеше өткен екі ойында да ұтылды. Бүгінгі ұтылыс үшінші болды.

Енді Қазақстан құрамасы бүгін тағы бір кездесу өткізеді. Матч Астана уақытымен 13:00-де басталады, қарсыласы Тайвань құрамасы.

Басқа спорттық жаңалықтар