ХК "Барыс"

"Барыс" бүгінгі ойынға сапын булиттер шеберімен күшейтеді

"Барыс" ХК

Бүгін, 22 қаңтарда астаналық "Барыс" өз айдынында екатеренборлық "Автомобилист" командасымен ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында матч өткізеді. 

Астанада өтетін кездесу 19:30-да басталады.

"Барыс" клубының мәліметінше, қақпашы Эдвард Паскуале, қорғаушы Алекс Грант, шабуылшылар Әлихан Әсетов, Джозеф ЛаБейт пен Роман Старченко әлі ауруханада.

Алайда бүгінгі ойынға булиттердің шебері Батырлан Мұратов командаға қосылуы ықтимал.

Екатеренборлықтар 55 матчте 66 ұпаймен Шығыс конференциясында төртінші клееді.  Ал 52 ойында 44 балл жинаған астаналықтар 11-орында.

Басқа спорттық жаңалықтар