Футбол

Ресейлік миллиардер "Монаконы" сатпақ ниетте

Ресейлік миллиардер
globallookpress.com

Франция чемпионатында өнер көрсететін "Монако" футбол клубының қожайыны Дмитрий Рыболовлев команданы сатпақ ниетте., деп жазады Les Echos.

Ресейлік миллиардер клубтың 66% пайзыын 2011 жылы сатып алған болатын. 

Клубты толықтай немесе акциясының бір бөлігін сату туралы кеңес алу үшін ол Raine Group банкіне жүгінген. Бұл инвестициялық банк Джим Рэтклиффке "Манчестер Юнайтед" құқықтарының бір бөлігін сатумен айналысқан.

Рыболовлевке ұсыныстар түскеннен кейін, ол клубтағы үлесіне қатысты стратегиялық нұсқаларды зерттеп алмақ. 

Басқа спорттық жаңалықтар