Теннис
16 жастағы қазақстандық Australian Open турнирінің үшініш айналымына өтті
ҚТФ
Теннистен жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.
Әмір бірінші кезеңде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған болатын.
16 жастағы отандасымыз екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты. Бірінші сетте ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты. Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6). Шешуші, үшінші сетте Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3. Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.