Бокс

Айтжанов Елеусіновтің Олимпиадаға қатысуына қатысты ойын айтты

Айтжанов Елеусіновтің Олимпиадаға қатысуына қатысты ойын айтты
olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағалым Айтжанов кәсіпқойда жүрген Данияр Елеусіновтің Париж Олимпиадасында өнер көрсетуіне қатысты ойын айтты.

"Данияр Елеусінов осы құрамадан шыққан боксшы ғой.Қоластымызда тәрбиеленді. Әкесі де ұлттық құраманың бапкері болды. Былайша айтқанда Олимпиада шыңын бағындыру, ол тек қана бір боксшының не бір бапкердің ғана емес, бүкіл Ұлттық құраманың жұмысы деп ойлаймын. Сол сияқты қазіргі құрамадағы балаларға сондай жағдай жасалып жатыр. Министрліктен, федерациядан, спорт комитеті жұмыла көтеріп жұмыс істеп жатыр. Осы Олимпиадада боксшыларымыз үмітті ақтап, елімізді қуантады деген ойламыз. Ал, енді Даниярдың құрамаға келеді-келмейді оны өзі шешеді. Біздің есік ашық. Қай боксшы болсын, келемін, қайтадан өз бағымды сынап, елге көмектесемін десе біз бетінен қақпаймыз", - дейді Мырзғали Айтжанов белгілі комментатор Руслан Бақытжанның youtube арнасындағы әңгімесінде.

Басқа спорттық жаңалықтар