Футбол
«Астана» ҚПЛ-де қатарынан төртінші жеңісіне жетті
"Астана" ФК
Елордалық «Астана» Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 15-турында Қызылордада жергілікті «Қайсарды» ұтты.
Еурокубок ойындарына қатысуына байланысты елордалық команда бірқатар матчтарды кейінге шегерген еді. Соның салдарынан турнир кестесінде орта тұсына түсіп кетті.
Кешегі кездесуде «Астана» бірқатар футболшыларға демалыс берді. Олардың қатарында команданың сұрмергені Марин Томасов та бар. Нәтижесінде Усман Камара 8-минутта гол соғып кетті.
Осылайша, елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп, алтыншы орынға көтерілді.