ХК "Барыс"

«Барыс» бүгін ҚХЛ-де «Ак Барспен» ойнайды

«Барыс» бүгін ҚХЛ-де «Ак Барспен» ойнайды
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 19 қыркүйекте сағат 21:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі алты ойында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.

Басқа спорттық жаңалықтар