Футзал

Әлем чемпионатында Қазақстан футзалшылары Ливияны ұтты

Әлем чемпионатында Қазақстан футзалшылары Ливияны ұтты
instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен ұтты.

Топтағы екінші ойында отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ айқын басымдық байқатты. Бірінші болып Ақжол Дәрібайдың голынан кейін доп қарсылас команда ойыншысына тиіп, қақпа торында тулады. Артынша Ливия құрамасы да есепті теңестіре білді.

Бірінші тайм аяқталғанша Қазақстан тағы екі гол соғып үлгере білді. Біржан Оразов пен Жахангер Рашит мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда Альберт Ақбалықов бір гол соғып, ойын нәтижесін түйіндеді. Осылайша, отандастарымыз 4 ұпаймен "D" тобында көш басына шықты.

Басқа спорттық жаңалықтар