Велоспорт
Castellón Grand Prix «Астана» командасының спортшысы топ-15 қатарында
"Астана" ВК
Испанияда «Кастельона Гран-приі» бір күндік шосседегі веложарысы аяқталды.
Бұл жарыстың жеңімпазы Team Jayco AlUla командасынан аустралиялық Майкл Мэттьюс болды.
Ал қазақстандық «Астана» командасынан үздік нәтижені Антон Чармиг көрсетті. Ол мәреге 14-болып жетті.
«Кастельона Гран-приі», Castellón - Onda (173,9 км)
1. Майкл Мэттьюз (Team Jayco AlUla) - 4:09:47
2. Пьер Готера (Decathlon AG2R La Mondiale Team)
3. Алекс Аранбуру (Movistar Team) ...14. Антон Чармиг («Астана»).
Испанияға аттанған қазақстандық команданың құрамы: Глеб Брусенский, Евгений Гидич, Николя Винокуров, Вадим Пронский, Антон Чармиг, Даниил Марухин, Антон Кузьмин. Спорт директорлары: Александр Шефер, Дмитрий Фофонов.