Бокс

Нокаут! Қазақстандық қасапшы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нокаут! Қазақстандық қасапшы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
temiroov_ / Instagram

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Темиров (4-0, 3 КО) кәсіпөойдағы кезекті айқасында жеңіске жетті. 

"Қасапшы" лақап атты Темиров 20 қаңтар Германияның Дюссельдорф қаласындағы бокс кешінде өнер көрсетті. Қарсыласы 19 жастағы швейцариялық Джером Алле (4-1, 1 КО) болды. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы 8 раундтық жекпе-жегі еді, алайда ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Алматыда дүниеге келген Темиров алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Одан кейінгі екі айқасында да қарсыластарын сұлатқан. Барлық төрт кездесуін де Германияда өткізген.


Басқа спорттық жаңалықтар