Теннис
Тимофей Скатов Румыниядағы турнирді жеңіспен бастады
АТР
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Румынияның Сибиу қаласындағы турнирде алғашқы кездесуін өткізді.
Турнирдің екінші айналымына шығу үшін қазақстандық итальяндық спортшы Франко Агаменонемен кездесті. Кездесу екі сетте 7-5, 6-2 есебімен Скатовтың жеңісімен аяқталды.
Ертең 1/8 финалда Скатов Чехия өкілі Хайнек Бартонмен ойнайды.