Дзюдо

Қазақстандық Тынбаева әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

Қазақстандық Тынбаева әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп жазады Olympic.kz.

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар.

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.

Басқа спорттық жаңалықтар