Теннис

Рыбакина ұтылған матч "Үлкен дуылға" тарихына жазылды

Рыбакина ұтылған матч
Sports.kz

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, бірақ оның бұл матчы теннис тарихында қалды.

Рыбакина 1/32 финалда күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп қалды, ал шешуші супер тайбрейк тарихи оқиғаға айналды.

"Үлкен дулыға" тарихында жекелей сындағы ең ұзақ тайбрейк", - деп жазды Australian Open турнирінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Шешуші тайбрейк 22:20 есебімен Блинкованың пайдасына аяқталды – теннисшілер тарихқа енді.

Басқа спорттық жаңалықтар