0

Дубайда бірінші келген қазақстандық сәйгүліктің құны айтылды

Дубайда бірінші келген қазақстандық сәйгүліктің құны айтылды
Dubai Racing Club

12 қаңтар күні Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен ат жарыста Қазақстанның Кабирхан атты сәйгүлігі бірінші келді. "Дала дүбірі" YouTube арнасына берген сұхбатында ат иесі Тілек Мұхамбетқалиев аузымен құс тістеген аттың құны қанша екенін айтты.

Кабирхан бұған дейін 9 жарысқа қатысып, 8 рет бірінші және 1 рет екінші орын алған. Дубайдағы жеңіс – ең үздік нәтижесі. Тілек бұл сәйгүлікті алматылық атбегіден сатып алған. Алдыңғы иесі америкалық аукционнан бағалап алған. Тегі – америкалық. "Әкесі" Калифорния Хром да Дубайдағы жарыста 2016 жылы жеңімпаз болған.

"Мен алғанда 2 жаста болды. Бағасы құпия болып қала берсін. Ал аукциондағы бағасы 12,5 мың доллар болған. Кабирхан деп атын алдыңғы иесі қойған", - дейді ат иесі Тілек Мұхамбетқалиев.

Кабирхан екі апта демалыстан кейін Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатыспақ. Бұл жарыстың жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды. Сондай-ақ финалдық кезеңге жолдама берілетін бәйге болады. 

Басқа спорттық жаңалықтар