Футбол

«Әл-Хиләл» Неймарға қатысты бір шешімге келді

«Әл-Хиләл» Неймарға қатысты бір шешімге келді
twitter.com/Alhilal_EN

Саудиялық «Әл-Хиләл» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Неймармен келісімшартты бұзбайтын болды, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Журналисттің мәліметінше, саудиялық клуб жаңадан келген қорғаушы Ренан Лодиге орын беру үшін 31 жастағы бразилиялықты өтінімнен алып тастаған.

2023 жылдың қазан айында Неймар жарақан алып, операция жасатқан болатын. Ол маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайды.

Неймар «Әл-Хиләлға» ПСЖ-дан 2023 жылы тамызда ауықан. Трансфер құны 90 миллион еуроны құрады. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt вингерді 45 миллион еуроға бағалап отыр. Осы маусымда Неймар бес матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар