Шахмат
Қазақстан шахматшылары халықаралық Олимпиадаға қатысып жатыр
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында (45th FIDE Chess Olympiad) ерлер және әйелдер құрамасы 6 тур ойындарын өткізді.
183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұрса, ерлеріміз 8 ұпаймен 35-орында келеді.
18 қыркүйек күні сағат 18:00-де басталатын 7-турда қос командамыз Әзірбайжанмен ойнайды.
Әйелдер арасында да, ерлер арасында да Үндістан көш бастап тұр.
Екі команда да алты матчта жеңіске жеткен жалғыз команда.
Барлығы 11 раунд болады - әр раундта турнир кестесінде бір-бірінің қасында тұрған команда қарсылас ретінде таңдалады.