Кәсіби бокс

Жәнібек 17 нокауты бар чемпионды айқасқа шақырды

Жәнібек 17 нокауты бар чемпионды айқасқа шақырды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы дивизионда WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты.

"Мен Лараны түсінбеймін. Ол менімен 3 титул үшін төбелесе алады. Мен онымен жекпе-жекке шықсам қуанамын. Неге ол чемпионмен жекпе-жекке шықпайды? Мен оны түсінбеймін! Жәнібек пен Лара айқасы. Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық!", - деп жызаыпты Жәнібек өзінің Twitter парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өткен жылдың қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, одан IBF белбеуін тартып алған болатын.


Басқа спорттық жаңалықтар