Футбол

Жозе Моуриньо «Наполиді» жаттықтыруы мүмкін

Жозе Моуриньо «Наполиді» жаттықтыруы мүмкін
instagram.com/josemourinho

 «Ромадан» кеткен Жозе Моуриньо «Наполи» командасын жаттықтыра бастауы мүмкін деп хабарлайды Sport Mediaset басылымы.

Португалиялық маманның агенті «Наполи» президенті Аурелио Де Лаурентиспен тілдескен екен. 

Моуриньо «Ромада» 2021 жылдан бері жұмыс істеді. Ртимдік клубпен бірге Жозе 2022 жылы Конференция лигасын жеңіп, өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жеткен.

Айта кетейік, «Наполи» 20 турдан кейін 31 ұпаймен А Сериясының турнир кестесінде 8-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар