UFC

Хабиб Нурмагомедов 40 миллион доллар гонорардан бас тартқан

Хабиб Нурмагомедов 40 миллион доллар гонорардан бас тартқан

Жеңіл салмақта UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовке спортқа қайта оралуы үшін аса ірі көлемде гонорар ұсынылған. Алайда, даңқты файтер ақшадан бас тартқан.

Айта кету керек, бұған дейін америкалық танымал файтер Даниэль Кормье Хабибтің 40 миллион доллардан бас тартқаны туралы мәлімдеген еді.

«Хабиб UFC-ге оралу үшін 40 миллион доллар ұсынғанын айтты. Ол бас тартты. Бірақ, бұл сомаға қанша жекпе-жек өткізетіні туралы айтылған жоқ. «Мен 40 миллион доллардан бас тарттым, бауырым, мен бәрін аяқтадым» деген еді Хабиб», - деді Кормье өзінің YouTube-арнасында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 2020 жылы қазанда өткізіп, Джастин Гэтжиді жеңген болатын. Сол жылы оның әкесі қайтыс болып, ол спорттық мансабын аяқтады.

UFC

Басқа спорттық жаңалықтар