Қазақстан футбол Премьер-лигасы

Марат Быстров пен Рамазан Каримов «Астана» сапына қайта оралды

 Марат Быстров пен Рамазан Каримов «Астана» сапына қайта оралды

Қазақстандық футболшылар Марат Быстров және Рамазан Каримов биыл елордалық «Астана» сапында ойын көрсетеді. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Марат Быстров 1992 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2020-2023 жылдарда Ресейдің «Ахмат» клубында 80-нен астам кездесуге қатысты. Қазақстандық қорғаушымен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Ал «Астана» клубының түлегі Рамазан Каримовпен келісімшарт 2024 жылғы футбол маусымының соңына дейін жарамды.

1999 жылы Астана қаласында дүниеге келген ол қазақстандық «Астана», «Каспий», «Мақтарал» клубтарында ойнады.

Рамазан соңғы екі маусымды «Мақтаарал» сапында өткізіп, 19 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.


Басқа спорттық жаңалықтар