Кәсіби бокс

«Мен оны түсінбеймін»: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

«Мен оны түсінбеймін»: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық әйгілі боксшы Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды.

Айта кетейік, Лара діл осы салмақта WBA чемпиондық белбеуінің иегері.

«Мен Лараны түсінбеймін. Ол бірден үш титул үшін жұдырықтаса алады. Мен де онымен жекпе-жекке шықсам тек қуанамын. Неге чемпионмен төбелеспеске? Мен оны түсінбеймін. Жәнібек пен Лара! Керемет жекпе-жек болады емес пе? Ендеше ұйымдастырайық», - деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Орта салмақта екі бірдей чемпиондық титулы бар қазақ боксшысы былтыр қазан айынан бері өзіне қарсылас таппай жүр.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар