Биатлон

Биатлон: Ел біріншілігінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

 Биатлон: Ел біріншілігінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

Бейсенбі күні Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жастар арасында ҚР чемпионаты басталды.

Қазақстан Биатлоншылар одағының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бірінші күні жеке жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150-ден астам спортшы қатысты.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар 12,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан ақмолалық Данил Червенко көш бастады. Ол финишке 0:37.59 уақытта келсе, екінші болып Артем Афанасьев 0:39.10 уақытта мәре сызығына жетті. Гуров Антон 0:40.23 уақытта үздік үштікке енді.

Жасөспірім қыздар арасынан 10 км қашықтықта Ульяна Ардалионова 0:39:49 уақытта бірінші болып жетсе, Яна Чупик 0:40:03 уақытпен – екінші, Адима Куанышбекова 0:42:14 уақытпен үшінші нәтиже көрсетті.

Жеткіншектер арасынан Вадим Середенко 12,5 км қашықтықта 0:47.17 уақытта топ жарса, Максим Зиновьев +28 секундқа кешігіп, 0:47:45 уақытпен екінші болды. Ал Леонид Жулин 0:48:09 көрсеткішпен үштікті түйіндеді.

Қыздар құрамасы 10 км қашықтықта сынға түсіп, 0:45:55 уақытпен Эвелина Рыбалкина – бірінші, Анастасия Середнякова 0:47:02 уақытпен – екінші, Валерия Миронова 0:47:04 уақытпен үшінші орынды иеленді.

Бәсеке 21 қаңтарға дейін жалғасады. Соңғы жарыс күні спортшылар масс-стартта өнер көрсетеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар