Кәсіби бокс

Канеломен жаттығатын қазақ нокаутшыға жағымсыз хабар айтылды

Канеломен жаттығатын қазақ нокаутшыға жағымсыз хабар айтылды
instagram.com/nurmaganbet.bek/

Америкалық журналист Джек Маккаферри қазақстандық Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты.

Екінші орта салмақтағы айқас алты раундқа есептелгенімен екіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды.

"Бұл әдемі айқас болды. Қазақстандық өзінің жоғары деңгейін көрсетті. Қарсыласы болса бүкіл әлеуетін жоғалтыпты. Енді Бекті деңгейлес қарсыласпен көру қызық болады. Бұл жекпе-жек Бектің жоғары деңгейін анық көрсетіп отыр. Дегенмен бұл дивизионда ірі боксшылар өте көп. Қазақстандықтың мықтылығын мойындағаныммен, оның бұл салмақта чемпиондық айқасқа жетуі екіталай", - дейді сарапшы.

Басқа спорттық жаңалықтар