Спорт

Көкпардан Қырғызстан құрамасы Қазақстанды қарымта ойынға шақырды

Көкпардан Қырғызстан құрамасы Қазақстанды қарымта ойынға шақырды
News/Ұлттық құрама (telegram.org)

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ойын тартысқа толы болып, 5:4 есебімен отандастарымыз жеңіске жеткен. Осы ойыннан кейін қырғыздардың көңілі толмай, наразылық танытқан болатын.

Бүгін белгілі болғандай, Қырғызстан көкбөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада қарымта кездесу өткізуді ұсынып отыр.

"Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көкбөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы тиіс. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәжілісінде.

Бұл жарыс "Келісім кубогы" деп аталмақ. Олар 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберген.

Басқа спорттық жаңалықтар