Сауд Арабиясы футбол чемпионаты

Палестинаны жақтағаны үшін Бенземаны бопсалайтындар көбейген

 Палестинаны жақтағаны үшін Бенземаны бопсалайтындар көбейген

Палестинаны жақтағаны үшін танымал футболшыны қудалайтындар көбейген.

"Әл-Иттихадтың" шабуылшысы Бенземнің адвокаты Хьюг Вижьенің айтуынша, Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің футболшы тарапына айтқан сөздерінен кейін, Каримге Сауд Арабиясында қалу қауіпті.

Министрдің Бензема туралы айтқан пікірінің кері салдары тиіп жатыр. Қазір Каримге Сауд Арабиясында қалу өте қауіпті. Шабуылшының әлеуметтік желідегі парақашасына бопсалаумен көп хаттар келеді, - дейді адвокат RMC Sport басылымына айтқан сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, министр Дарманен 2022 жылғы «алтын доп» иегерін Палестинаны Израиль арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдағаннан кейін, ойыншыны әсіре исламшыл, экстремизммен байланысы бар деп айыптаған болатын. Ал, өз кезегінде Бензаема жалған жала жапқаны үшін Франция ІІМ басшысын сотқа берді.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар