Australian Open

"Бері кел де, бетіме айт": теннисші Новак Джокович жанкүйерге шүйлікті

Аустралия ашық чемпионатында сербиялық теннисші Новак Джокович пен жанкүйер арасында кикілжің туды.

Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында Новак Джокович аустралиялық теннисші Алексей Попыринге қарсы ойнады. Матч барысында жанкүйерлердің бірі Джоковичке айғайлап тіл тигізген көрінеді. Оған теннисші жауап берді.

"Маған бірдеңе айтқың келе ме? Қане, бері кел де, бетіме айт!", – деді Новак Джокович.

Кездесу қорытындысы бойынша сербиялық теннисші 6:3, 4:6, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді. Енді Джокович жарыстың үшінші айналымында Аргентина өкілі Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Айта кетейік, өткен жылы Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Ол финалда грекиялық теннисші Стефанос Циципасты 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар