ММА

Артем Резников ТЖМ құтқарушыларының қатарына қосылды

Артем Резников ТЖМ құтқарушыларының қатарына қосылды
ҚР ТЖМ

Белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников ТЖМ құтқарушыларының қатарына қосылды.

Артем Резников – ММА аралас жекпе-жегінің қазақстандық танымал спортшысы, АСА (Absolute Championship Akhmat) қамқорлығымен жеңіл санаттағы дивизионның белсендісі, жеңіл салмақтағы АСА гран-при атағының иегері.

ТЖМ басшылығы дәстүрлі түрде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аударады. Енді әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Алматы қаласы ТЖД гарнизонында спортты насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттыру Резниковтың міндеттеріне кіретін болады.

Басқа спорттық жаңалықтар