Қазақстан футболы

«Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті

«Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті

Футболдан Қазақстанның қазіргі чемпионы «Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов қызметінен кетті деп жазды Instagram әлеуметтік желісіндегі goalkz_official парақшасында.

Бұл қызметке клубқа бұрын басшылық еткен Бағлан Ергешев тағайындалған. Ол директор болған кезде «Ордабасы» 2011 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алса, 2012 жылы Суперкубокті иеленген.

Ал, Бауыржан Абдубаитовпен бірге шымкенттік команда былтыр тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. 2022 жылы Қазақстан кубогін екінші рет жеңіп алған.

Еске салайық, Абдубаитовтың отставкасы туралы ақпарат былтыр желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кезде клуб басшысы мұны жай сыбыс деп мәлімдеген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар