Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Олимпиадашыларымыз Канвоннан елге сәлем жолдады

 Олимпиадашыларымыз Канвоннан елге сәлем жолдады

Бүгін қазақстандық жасөспірім олимпиадашыларымыз байрақты дода өтетін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласынан елге сәлем жолдады.

Қазақстандық спортшылар олимпиадалық қалашық алдына жиналып, өздерінің Олимпиадаға дайындығы туралы айтады. Сондай-ақ, медаль үшін таласта аянып қалмайтындарын жеткізіп, соңында «Қазақстанға сәлем» деп барлығы бір дауыста сәлемін жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанады. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 42 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап, 55 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түседі.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 1 800 спортшы қатысады. 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар