Теннис

Australian Open-дегі сенсация. Әлемнің 5-ракеткасы күтпеген жерден ұтылды

 Australian Open-дегі сенсация. Әлемнің 5-ракеткасы күтпеген жерден ұтылды
Sport5.by

Әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегула Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінен күтпеген жерден шығып қалды. 

Екінші айналымда Пегула әлемдік рейтингте 51-орында тұрған франциялық Клара Бюрельден ұтылды - 4:6, 2:6.

Теннсишілер кортта бір сағат 10 минут ойнады. Бұған дейін олар бір-бірімен ойнап көрмеген екен. 

 Енді Australian Open турнирінің үшінші айналымында Бюрель отандасы Осеан Доденмен (№95) ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар