Футбол

"Қайсар" ресейлік бапкерге қатысты бір шешімге келді

championat.asia

Қызылордалық "Қайсар" 60 жастағы ресейлік маман Виктор Кумыковтың бас бапкер қызметінен кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды. 

"Бас бапкер “Қайсарда” қызметін жалғастырады. Республикалық спорт порталдарында бас бапкер Виктор Кумыков “Қайсардан” кетеді деген ақпарат негізсіз екенін жеткіземіз. Бүгінде Виктор Балютович Түркияда қасқырларды жаңа маусымға дайындауда", - делінген клубхабарламасында.

Еске салайық, Кумыков "Қайсарды" 2023 жылы қаңтарда жаттықтыра батсады. Өткен маусымда қызылордалықтар оның жетекшілігімен ҚПЛ-де алтыншы болды және Қазақстан кубоігінен 1/8 финал кезеңінде шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар