Шаңғы Спорты

Шаңғымен жарыстан Қазақстан чемпионатының 1-туры аяқталды

Шаңғымен жарыстан Қазақстан чемпионатының 1-туры аяқталды
Ernur.kz

14-17 қаңтарда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғымен жарысудан жастар арасындағы ел чемпионатының бірінші туры аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Спортшылар еркін әдіс, классикалық және спринттік әдіс бойынша өзара мықтыларды анықтады.

Ұлттық біріншілікке Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 150-ден астам спортшы қатысты.

Жастар чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында андер тобында Ернар Нурсбеков, Алмас Каримов, Дидар Касенов, Егор Степанов, Ернур Бексултан, Айша Ракишева, Лаура Киныбаева, Мария Люфт, Анастасия Ротова болды.

Жасөспірімдер арасында Дастан Калибеков, Султан Базарбеков, Артем Завялов, Амиргали Муратбеков, Анастасия Хвощенок, Мария Геращенко, Сабина Сүлейменова, Виктория Колесникова, Дарья Ким бар.

Шаңғы жарысы бойынша республикалық біріншіліктің жарысы ақпан айының басында Словенияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу болды.

Басқа спорттық жаңалықтар