Футбол

Мохамед Салахқа саудиялықтар көз тігіп отыр

Мохамед Салахқа саудиялықтар көз тігіп отыр
instagram.com/liverpoolfc/

Англиялық "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахқа саудиялық "Әл-Иттихад" көз тігіп отыр.

Todofichajes мәліметінше, "Әл-Иттихад" мысырлық футбол жұлдызын жазғы трансферлік кезеңде сапына қосып алғысы келеді. Бұл үшін саудиялықтар 90 миллион еуро төлеуге дайын.

Айта кетейік, Салах "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның англиялық командамен қазіргі келісімшарты 2024/25 жылғы маусым соңына дейін жасалған. Осы маусымда Мохамед АПЛ-де 20 матч өткізіп, 14 гол салды және сегіз ассист жасаған.

Қазіргі таңда "Әл-Иттихад" сапында франциялық Карим Бензема өнер көрсетіп жүр, ал оған өз кезегінде "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" көз тігіп отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар