Футбол

Қазақстан чемпионы африкалық қорғаушымен қоштасты

Қазақстан чемпионы африкалық қорғаушымен қоштасты
instagram.com/team_mbodji3

Сенегалдық қорғаушы Мамаду Мбодж шымкенттік «Ордабасыдан» кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Мбодж шымкенттік командаға өткен маусымда қосылған болатын. Қазір оған карьерасын жалғастыруға болатын бірнеше клубтан ұсыныс бар екен.

Сенегалдық футболшы шымкенттік клуб сапында 33 кездесу өткізіп, 2 гол салып, бір ассист жасаған. Өткен маусымда "Ордабасымен" бірге Қазақстан чемпионы атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар