Теннис

Қазақстандық Данилина Australian Open турнирінің бірінші айналымынан аса алмады

Қазақстандық Данилина Australian Open турнирінің бірінші айналымынан аса алмады
Global Look Press

Жыұптық сында әлемнің рейтингте 44-орында тұрған қазақстандық Анна Данилина Australian Open-2024 турнирінің екінші айналымына өте алмады. 

Словакиялық Виктория Грунчаковамен дуэтте болған қазақстандық теннисші бірініш айналымда америкалықтар Каролин Долхаид - Пэйтон Стирнс жұбымен ойнады.

Бір жарым сағаттай өткен матчте америкалық теннисшілер - 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. 

Осылайша, енді Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды (жекелей сын).

Басқа спорттық жаңалықтар