Футбол

"Реалдан" ойсырай ұтылғанан кейін. "Барселонада" Хавидің орнына кім келетіні белгілі болды

fcbarcelona.com

Каталондық "Барселона" бас бапкерін ауыстыруы мүмкін, бұл туралы испаниялық журналист Андриан Санчес әлеуметтік желіде жазды.

Испания Суперкубогы финалында каталондық клубы "Реалдан" ойсырай ұтылды (1:4). Міне осыдан кейін "Барселона" басшылығы Хави Эрнандесті алмастыру жолын қолға алған сияқты. Хавидің орынын әзірше клубтың екінші командасында жұмыс істейтін Рафаэль Маркес бас тұрмақ екен. 

"Барселона" 41 ұпаймен Ла Лаигада үшінші келеді. Ал көш басында «Жирона» тұр (49).

Ал Чемпиондар лигасында каталондықтар плей-офф кезеңіне дейін жетті, енді бұл раундта "Барселона" италиялық "Наполимен" кездесу өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар