Волейбол
Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жайық» «Есілден» басым түсті
Оралда влейболдан өтіп жатқан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХІІ Қазақстан чемпионаты үшінші турының кезекті ойындары мәресіне жетті.
Бұл жолы тартысты кездесу жергілікті «Жайық» пен солтүстікқазақстандық «Есілдің» арасында болды.
Бес сетке созылған бәсекеде Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар 3:2 (23:25, 32:30, 18:25, 25:16, 15:11) есебімен жеңіске жетті.
«Есіл» 28 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатса, «Жайық» (32 ұпай) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ел чемпионы «Павлодар» 44 ұпаймен көш бастаса, «Ақтөбені» 3:0 (25:15, 25:15, 25:15) есебімен тізе бүктірген «Тараз» (33 ұпай) екінші сатыға көтерілді.
Оралдағы үшінші тур 19 қаңтарда аяқталады.
Дереккөз: kaz.inform