UFC
UFC 300: Джастин Гэтжи мен Макс Холлоуэй BMF белбеуін сарапқа салады

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Джастин Гэтжи UFC 300 турнирінде отандасы Макс Холлоуэйге қарсы кездесу өткізеді.
UFC 300 турнирі Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да 13 сәуір күні өтеді. Аталмыш турнирде Гэтжи мен Холлоуэйден басқа жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Джимм Миллер мен Бобби Гринс та жұдырықтасады.
Джастин Гэтжи соңғы жекпе-жегін UFC 291 турнирінде отандасы Дастин Порьеге қарсы өткізіп, оны нокаутқа түсірген еді. Айта кетейік, Холлоуэйдің кәсіпқой аралас жекпе-жектегі рекорды 25 жеңіс, 7 жеңіліс. Ал Гэтжидің есебінде 29 жекпе-жек, 25 жеңіс бар.
Егер осы кездесу Гэтжидің пайдасына шешілсе, ол BMF чемпиондық атағын қорғаған алғашқы файтер болғалы отыр.
Дереккөз: nur.kz