Ла Лига

Хавиді бас бапкер қызметінде кім алмастыратыны белгілі болды

Хавиді бас бапкер қызметінде кім алмастыратыны белгілі болды

Каталондық "Барселона" бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. Журналист Андриан Санчес әлеуметтік желі арқылы хабарлағандай, Хави Эрнандес Испания Суперкубогының финалында "Реалдан" жеңілгеннен кейін (1:4) қызметінен босатылуы мүмкін. 

Дереккөздің хабарлауынша, Хави отставкаға кететін болса, «Барсаның» бапкері қызметіне қазір каталондық клубтың екінші командасында жұмыс істейтін Рафаэль Маркес келеді.

Испания чемпионатында «Барселона» 41 ұпаймен үшінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған «Жиронадан» сегіз ұпайға қалып қойды. Чемпиондар лигасында каталондықтар плей-офф кезеңіне шықты, онда команда «Наполимен» кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар