Велоспорт

Алина Саркулова Таиландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды

 Алина Саркулова Таиландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Таиландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі өтіп, қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бәсекеге қазақстандық ұлттық құрама спортшылары да қатысып, 1 жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге 3-ші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Татьяна Генеоева 6-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, екі күнге созылған халықаралық турнирде биыл 7 мемлекеттен атлеттер сынға түсті. Былтыр Таиландтың Пхичит өңірінде өткен Кубокқа ұлттық құрама спортшылары қатыспаған.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар