Бокс

Иштван Бочкай турнирі: бірінші жарыс күнінің нәтижелері

Иштван Бочкай турнирі: бірінші жарыс күнінің нәтижелері

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, оның үшеуі келесі айналымға өтті.

Атап айтар болсақ, 60 келідегі Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласын, 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов пен 71 келідегі Сабыржан Аққалықов Венгрия боксшыларынан басым түсті.

Өкінішке қарай, 75 келідегі Диас Молжігітов жеңіліске ұшырады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар