Футбол

Қазақстандық клуб қақпашымен қош айтысты

Қазақстандық клуб қақпашымен қош айтысты
"Қызыл-Жар" ФК

Петропавлдық "Қызыл-Жар СК" футбол клубы қақпашы Вадим Петровтың командадан кетіп жатқанын хабарлады. 23 жастағы футболшы командадан келісімшартының аяқталуына байланысты кетті. 

"Вадим Футбол орталығынан бастап негізгі командаға дейінгі барлық кезеңнен өтті. Өзіміздің түлегімізге ортақ іс үшін алғысымызды білдіреміз. Жалпы негізгі команда үшін ол 29 матч өткізіп, оның сегізінде қақпаға бірде-бір доп кіргізбеді", - делінген клуб хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар