ХК "Барыс"
«Барыс» ҚХЛ-де қатарынан тқртінші рет ұтылып отыр

"Барыс" ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында елордалық клубтан Майкл Маклауд 23-минутта мергендік танытса, оған минскілік командадан Вадим Мороз 22, 24, 59, Диллон Дюбе 56, Даниил Сотишвили 58-минутта бес шайбамен жауап берді.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск) командаларынан жеңіліп қалған еді.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 15-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында Беларусь командасы жеңіске жеткен.