Футзал

«Қайрат» футзал клубының президенті басты міндетті айтты

«Қайрат» футзал клубының президенті басты міндетті айтты
KazFootball.kz

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков алматылық клубтың алдағы жылдардағы даму жоспарларымен бөлісті.

- Өткен маусымда «Қайрат» соңғы екі онжылдықта алғаш рет Қазақстанның ең мықты клубы бола алмады. Клубтың басты мақсаты қандай – титулды қайтарып алу немесе УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық төрттігіне өту ме?

– Менің ойымша, қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – кем дегенде екі жылдан кейін Еуропаның ең үздік клубын құру. Бұл біздің міндетіміз және біз соған ұмтыламыз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» соңғы 20 жылда алғаш рет финалда «Семейден» ұтылып, Қазақстан чемпионатында жеңіске жете алмады. Сондай-ақ алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық төрттігіне өте алмады. Турнирдің Элиталық раундының қорытындысы бойынша команда Бенфика (Португалия), Добовец (Словения) және Приштина (Косово) командаларымен квартетте екінші орын алды.

Басқа спорттық жаңалықтар