Кәсіби бокс

ESPN сарапшысы Әлімханұлына қомақты табыс әкелетін қарсыластарды атады

ESPN сарапшысы Әлімханұлына қомақты табыс әкелетін қарсыластарды атады
twitter/qazaqstyle

ESPN сарапшысы Фернандо Барбоса Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жақсы қарсылас бола алатын боксшыларды атады.

"Әлімханұлы рингте аса белсенді емес. Ол жарты жылда бір айқасады. Қазіргі таңда ол ең қатал ұйымның белбеуіне ие - IBF. Олар белбеуді қорғауға қалай қарайтынын білесіздер. WBC чемпионы Чарломен жекпе-жекке келісу күмәнді көрінеді. Ол өзіне толық сенімді болғанға дейін өзгелермен айқаса береді. Ал Ларамен жағдай мүлде түсініксіз. Ол Әлімханұлы қауіпті екенін біледі, бірақ қазақстандық чемпионмен көп ақша таба алмайсың. Осы себепті Жәнібекке титулдарды маңызды санайтын қарсылас іздеген жөн. Бұл жағынан Ұлыбритания ұтымды көрінеді. Крис Юбенк, Хамза Шираз және Нейтен Хинни - бұл жігіттердің Ұлыбританияда көреремендері көп. Олар Жәнібектің белбеулерін иеленсе, басқа чемпиондармен жекпе-жекке жол аша алтынын біледі. Сондықтан қазақстандық чемпионға айқас үшін жақсы ақша төлеуге айын", - дейді Барбоса.

Басқа спорттық жаңалықтар