Хоккей

Қазақстанның жастар құрамасы Нидерландыдағы ӘЧ-де бірінші жеңісіне жетті

Қазақстанның жастар құрамасы Нидерландыдағы ӘЧ-де бірінші жеңісіне жетті
iStock

Голландияның Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизиондағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркиямен матчте қарслас қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі есеппен ұтты. Осылайша, қазақстандық жас хоккейшілердің топтан шығу мүмкінігі пайда болды.

Айта кетейік, мұның алдындағы 1-тур матчінде Қазақстан 0-4 есебімен Ұлыбритания командасынан ұтылған болатын.

Енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.

Бұл турнирге Қазақстаннан бөлек Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия қатысып жатыр.

Басқа спорттық жаңалықтар