Футбол

«Астана» ганалық жартылай қорғаушыны сапына қосты

«Астана» ганалық жартылай қорғаушыны сапына қосты
"Астана" ФК

«Астана» футбол клубы ганалық жартылай қорғаушы Осей Барнсты сапына қосты. 

«Осей Барнс – португалиялық «Пасуш де Феррейра» клубының түлегі. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Грузия астанасының «Динамосы» болды. Оның сапында ел чемпионы атанып, Грузия суперкубогында жеңіске жетті. Бұл команда қатарында 11 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Бір жылға жасалған келісшартта мерзімді тағы бір маусымға ұзартуға болатын бөлім қарастырылған", - делінген астаналық клубтың таратқан хабарламасында. 


Басқа спорттық жаңалықтар