Биатлон

Щучинскіде биатлоннан жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді

Щучинскіде биатлоннан жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді

Щучинскіде биатлоннан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.

Жастар арасындағы чемпионатты 18-21 қаңтар күндері қысқы спорт түрлерінен Олимпиадаға даярлау орталығы қабылдайды.

Жарыс нәтижесі бойынша Эстонияда өтетін жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылар іріктеледі.

Ел чемпионатында спортшылар спринт, масс-старт және жекелей сын бойынша бақ сынайды.

Біріншілік 21 қаңтарда мәреге жетпек.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар