Ағылшын Премьер-лигасы

"Арсенал" Микель Артетамен келісімшартты ұзартты

Лондондық "Арсенал" бас бапкер Микель Артетамен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты.

Испаниялық маман лондондық клубта 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді. Оның жетекешілігімен команда 2019/20 маусымында Англия кубогын, сондай-ақ 2020 және 2023 жылдары Англия Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар