ХК "Барыс"
«Барыс» ҚХЛ-де бүгін белоруссиялық «Динамомен» ойнайды

«Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу бүгін, 13 қыркүйекте сағат 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 15-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында Беларусь командасы жеңіске жеткен.